Туфлижің шығу тарихы

Биік өкшелі аяқ киімдер орта ғасырдың соңында пайда болған. Еуропада аталмыш сән үлгісі  Людовика XIV тің  билігі тұсында Парсы империясынан келген.  Ал Парсы шығанағына биік өкшелі аяқ киім кию дәстүрі Ежелгі Египеттен келген деседі. Ніл өзенінің  бойында биік өкшелі аяқ киім мүлдем басқаша рөл ойнаған. Яғни, шаруалар атыз басындағы батпақта оңай қозғалу үшін аяқ киімге өкше қадап алатын болған. Еуропада бастабында офицерлер атқа мінгендегі қолайлылығы үшін биік өкшелі аяқ киім киген болса, кейін келе әйел адамдар да кие бастаған. Тек сән мақсатында ең алғаш бұл аяқ киімді  киген әйел  франциялық  Екатерина Медичи болған (1533). Тек 18 ғасырда ғана биік өкшелі аяқ киім тек әйелдер ғана киетін сән үлгісіне айналған.





Комментарии

Популярные сообщения